“Антисанитария“. Астанада заңсыз цехтан қап-қап ет тәркіленді

Астанада заңсыз жұмыс істеген цехтан 180 қап ет тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция жасырын ет өңдейтін цехты анықтады. Тергеу барысында ет өрескел антисанитария жағдайында, ветеринария-санитария талаптарын сақтамай өңделгені белгілі болды.

Сондай-ақ, ұйымдастырушыларда рұқсат құжаттары мен ветеринария анықтамалары болмаған.

"Тексеріс нәтижесінде 5 жылқының, 24 ірі қараның және 13 ұсақ малдың тұтас еті, сондай-ақ, ет өңдеуге арналған арнайы құрал-жабдықтар табылды. Бұған қоса, 180 қап дайын ет өнімі тәркіленді", - деді ІІМ өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!