Антирекорд қойған: Ақтөбеде 91 рет ереже бұзған көлік жүргізушісі ұсталды

Антирекорд қойған: Ақтөбеде 91 рет ереже бұзған көлік жүргізушісі ұсталды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Ақтөбеде 91 рет ереже бұзған көлік жүргізушісі ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбеге жақын маңда ресейлік есептегі Toyota Majesta көлігі тоқтатылған. Тексеріс кезінде көлік 91 рет жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталған. Айыппұл көлемі - шамамен 5 млн теңге.

Иесінің айтуынша, ол бұл көлікті шамамен бір ай бұрын сатып алған. Алайда бұрынғы иесінің айыппұлдары өтелмеген.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұлы төленбеген көлік арнайы айыптұраққа қойылды", - деді ІІМ өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget