- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Антикор төрағасының көмекшісімін...
Антикор төрағасының көмекшісімін деп жұртты алдаған тұрғын сотталды
Ақтауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі төрағасының көмекшімін деп жұртты алдаған ер адам сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
9 қарашада Ақтау қалалық соты алаяқтыққа және пара беруге итермелегені үшін Кәрімов пен Батырхановты мемлекеттік қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл 6 айға және 7 жылға бас бостандығынан айырған.
"Агенттік төрағасының көмекшісі атын жамылған Кәрімов Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық нысандарды орналастыруға атына Каспий теңізінің жағалауындағы жер учаскесін ресімдеуді талап еткені үшін кінәлі деп танылды", - делінген ведомство хабарламасында.
Ал 2020 жылғы ақпанда Кәрімов Батырхановпен алдын ала сөз байласу арқылы топтық әрекет етіп, өзін білім және ғылым вице-министрі және Алматы қаласы әкімінің көмекшісі ретінде таныстырып, балабақша меңгерушісінен әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 1 миллион теңге талап еткен. Үкім заңды күшіне енбеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова