Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі білім беру жүйесіндегі қаражатты ұрлау схемасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру жүйесіндегі жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.
"Ең көп ұрлық Алматы, Шымкент қалаларында, Қызылорда, Ақтөбе және Алматы облыстарында тіркелді", - деп хабарлайды Антикор.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, бюджет ақшасын ұрлаудың тұрақты жолдары ашылды:
"Алдымен есепші бөлімшелік есеп жүйесінен төлем құжаттарын жүктейді. Содан кейін қажетті түзетулер қолмен жасалады. Осыдан кейін бұрмаланған мәліметтері бар құжаттар төлемге жіберіледі. Мұндай айла-шарғылар мектеп бұғалтерлік жүйелерінің арасында интеграцияның болмауынан болады", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі.
Осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірінші орынбасары Дмитрий Малахов білім беру саласы Қазақстандағы жемқорлық салаларының бірі екенін айтқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!