Антикор сотталғандарды жұмысқа орналастыратын мекеме басшыларын әшкереледі

Антикор сотталғандарды жұмысқа орналастыратын мекеме басшыларын әшкереледі
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

"Еңбек" РМК басшылары жемқорлықпен әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кімдер күдікке ілінді?

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарайтын "Еңбек" ШЖҚ РМК басшыларын бірнеше рет пара алғаны үшін әшкереледі.

Күдіктілерге қандай айып тағылып отыр?

"Бас директордың орынбасары және оның қарамағындағы құрылыс басқармасының бастығы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасады, орындалған жұмыстар актілеріне қол қойды және олар бойынша ақы төлегені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді", - деп жазылған хабарламада.

Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, "Еңбек" РМК мақсаты - түзеу мекемелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және сотталғандарды жұмысқа орналастыру.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова