Антикор экс-министр Бағдат Мусинге қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Антикор бұл ақпаратты теріске шығарды.
"Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінде бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин Бағдат Батырбекұлына қатысты қылмыстық іс жоқ", - делінген хабарламада.
Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін 2020 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың сәуіріне дейін басқарды. Президенттің үкімімен ол 30 сәуірде қызметінен босатылды. Мусиннің өзі отставкаға өзі бергенін айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!