Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін Ресей Федерациясының азаматын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қапенов Азамат Абайұлы, 12.04.1978 жылы туған, Пржевальск қаласы, Қырғыз Республикасының тумасы. Бұлтартпау шарасы – "Қамауда ұстау", - делінген хабарламада.
Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері анықталған не ықтимал орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда іздестіру бастамашысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (мекенжайы Өскемен қаласы, Лихарев көшесі, 2) келесі телефондар бойынша хабарлауға болады: кезекші бөлім 8 (7232) 29-88-88, іздестіру тобы, ұялы телефон 8-708-908-92-79, (немесе электронды пошта kb.vko@antikor.gov.kz).
Антикор іздестіруге көмектескендерге сыйақы берілетінін және деректері құпия сақталатынын айтып отыр.
Айта кетейік, БАҚ-та Азамат Қапенов "Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы" ретінде аталады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!