Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Антикор басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы тағы да ескерту жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасап, жолдап жатыр.
"Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз. Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз", – делінген Антикордың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!