- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Антикор қазақстандықтарға алаяқтық...
Антикор қазақстандықтарға алаяқтық фактілеріне байланысты ескерту жасады
Фото:
Антикордың баспасөз қызметі
Антикор алаяқтық фактілері туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және тағы басқа) арқылы жалған аккаунттар ашып, агенттік қызметкерлері мен басшылығының атынан хабарласатынын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін адамдардың алаяқтық әрекеттері туралы ескертті.
"Жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз. Осындай жағдайларға кездескен кезде, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан