- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Антикор Қайрат Сатыбалдыұлы...
Антикор Қайрат Сатыбалдыұлы ісіне қатысты тың деректер айтты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдыұлы ісіне қатысты тергеу туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, тергеу әлі де жалғасып жатыр.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алыс шет елдерде фигуранттарға тиесілі, құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын, мемлекет кірісіне айналдырылған эксклюзив асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылды.
Сонымен қатар, Қайрат Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салу дерегі анықталды. Көрсетілген сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина