Қарағанды облысында департамент басшысы 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық департаменттердің бірінің басшысына және оған бағынышты қызметкерге қатысты соталды тергеуді аяқтады.
"Департамент басшысы орындалған жұмыс актісіне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Сонымен қатар, айыпталушылар жалған жұмыспен қамтылған қызметкерлердің шоттарына жалпы сомасы 2,5 млн теңгеге жалақы, сыйақы және іссапар шығынын негізсіз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Айыпталушылар сотқа тартылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова