Антикор халықаралық іздеуде жүрген қазақстандықты іздеуге көмектескендерге сыйақы бермекші

Антикор халықаралық іздеуде жүрген қазақстандықты іздеуге көмектескендерге сыйақы бермекші
Фото: Антикор

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет халықаралық іздеуде жүрген ҚР азаматын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны үшін, халықаралық іздеуде жүрген ҚР азаматы, 16.10.1978 жылы туған Дәуренбек Аманкулович Қожабаевқа іздеу салды.

"Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, Агенттікке келесі телефондар арқылы: 1424 – Call-орталыққа, 8 (7172) 90-92-60 (Кезекші бөлім), 8-701-972-06-05, 8-775-934-63-33, хабарлау қажет", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге ведомство іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік берілетінін хабарлады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан