Қазақстандық БАҚ экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевтың ұсталғанын жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кейінірек мұны Антикор растады, алайда әлі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
"Астана бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаймыз", - делінген хабарламада.
Тергеу жалғасып жатыр.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.
Айта кетейік, Мансұр Ошурбаев ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып 2023 жылғы 1 маусымда тағайындалған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз