- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Антикор БҚО әкімінің...
Антикор БҚО әкімінің орынбасары мен "Ақжайық" ӘКК экс-басшысының ұсталуына қатысты түсінік берді
Фото:
Tengrinews.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен "Ақжайық" ӘКК экс-басшысының "ұсталуына" қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында және Telegram-каналдарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары мен "Ақжайық" ӘКК экс-басшысын ұстағаны туралы ақпарат таратып жатыр.
Антикордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ақпарат өтірік.
"Аталған адамдар ұсталған жоқ. Қылмыстық істерді тергеу туралы барлық өзекті ақпараттар Антикордың ресми сайтында және Telegram-каналында жарияланады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан