Әлеуметтік желіде сотталушы Бақытгүл Хаменованың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан оны негізсіз қудалау туралы мәлімдемесі бар ақпарат таратылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Былтыр желтоқсанда Хаменова Мәдениет басқармасының басшысы А.Рысқалиевпен Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны және міндеттемелерді орындау барысында жалпы қамқорлығы үшін "Балқыту" ЖШС директоры У.Адамовтан алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында 4,5 миллион теңге сомасында пара алғаны үшін әшкереленгенін мәлімдейміз", - делінген хабарламада.
Оның әрекеттері жиналған дәлелдемелерді, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін, сондай-ақ, күдіктілер мен куәлардың тікелей айғақтарын ескере отырып сараланады.
Тағылған айыптың негізділігі мен заңдылығы прокурормен расталды.
Хаменованың және басқа адамдардың кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!