Антикор “Астана Банкі“ АҚ-ның бұрынғы акционерін жауап алуға шақырды

Антикор "Астана Банкі" АҚ-ның бұрынғы акционерін жауап алуға шақырды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Астана Банкі" АҚ-ның бұрынғы мажоритарлық акционері Олжас Тоқтаровқа және өзге де тұлғаларға қатысты банк активтерін жалған агенттік қызметтер көрсету және бақылауындағы SKK Tennasy Group ЖШС пайдасына Алматы қаласы, Қабдолов көшесі, 22 "Б" бизнес-орталық ғимаратын заңсыз иеліктен шығару арқылы аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Қазіргі уақытта тергеу нәтижесінде ауыр қылмыс жасауда жиналған дәлелдемелер күдікті Олжас Тоқтаровтың әрекеттерін ҚР ҚК 28-б. 3-б., 189-б. 4-б. 2-т. және 189-б. 4-б. 2-т. бойынша саралауға мүмкіндік берді. ҚР ҚПК-нің 208-бабының 1-бөлігіне сәйкес күдікті жауап алуға шақыру қағазымен шақырылады. Алайдакүдікті Олжас Тоқтаровтың Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және келуден жалтаруына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚПК-нің 205-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, күдіктіні шақыру туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Күдікті Олжас Тоқтаровқа жауап алу және іс-әрекеттердің саралануы туралы қаулыны жариялау үшін 2024 жылғы 26 қыркүйекте сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, "Б" блогы мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына жедел-тергеу тобының басшысы Ж.Өтепқалиевке келуі қажет", – деп хабарлады ведомство.

Антикордың мәліметінше, күдікті тергеу әрекеттеріне қатысу үшін қорғаушыны дербес шақыруға не қылмыстық процесті жүргізуші органның қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы өтініш хат беруге құқылы.

"Егер қорғаушыны күдікті немесе оның заңды өкілдері, сондай-ақ олардың тапсырмалары бойынша басқа адамдар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді (ҚР ҚПК 67-бабы)", – делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз