- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Антикор Алматы полициясының...
Антикор Алматы полициясының қызметкерлеріне қатысты тергеуді бастады
Фото:
Антикор
Антикор әлеуметтік желіде тараған видео бойынша соталды тергеу басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылғы 17 мамырда әлеуметтік желіде белгісіз автордың видеосы жарияланған, онда оңтүстік астананың полиция қызметкерлеріне ақша беру дерегі жазылған.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жазбаға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу дерегі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты соталды тергеуді тіркеді", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова