Алматы облыстық құрылыс басқармасы ескерткіш тұғырын тұрғызуға қажетті металл құрылғыны 900 млн теңгеге сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алайда, мемлекеттік сатып алудың біріңғай порталында дәл сондай конструкцияның құны 750 мың тұратын болып шықты. Басқарманың бұл әрекеті әшере болып, сатып алу лоты дер кезінде тоқтатылған" деді облыстағы антикор басшылығы.
Жалпы, департамент мәліметінше, өткен жылы өңірде 109 коррупциялық қылмыс тіркеліп, 86 адам заң алдында жауапқа тартылған.
Саламат Сабыр
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!