Антальяда қонақүйде жұмыс істеген қазақстандық қаза тапты

Антальяда қонақүйде жұмыс істеген қазақстандық қаза тапты
Фото: İhlas Haber Ajansı

Түркияның Анталья провинциясында жол апаты салдарынан 27 жастағы қазақстандық Құбат Аманбеков қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі İhlas Haber Ajansı-на cілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 11 мамырда сағат 03:00 шамасында Серік ауданындағы туристік жолда болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, жігіт велосипедпен келе жатып, таксимен соқтығысқан. Автокөлік велосипедшіні артынан қаққан. Соққының қатты болғанынан қазақстандық жолға ұшып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Такси жүргізушісі жауап алу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Апат дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құбат Аманбеков бес жұлдызды қонақүйде даяшы болып жұмыс істеген. Оның мәйіті Антальяның сот-медициналық сараптама мәйітханасына жіберілді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget