Анталияда жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,8 болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Газипаша ауданында, Лиман мен Алтынқұмда және Аланьяда жерасты дүмпулері сезілді деп хабарлады тұрғындар әлеуметтік желілерде.
AFAD мәліметтері бойынша жергілікті уақыт бойынша сағат 22:13-тен 23:32-ге дейін бірнеше жерасты дүмпулері тіркелген. Олардың ішінде 4,8 балдық алғашқы жер сілкінісі басқаларына қарағанда қатты сезілген.
Жер сілкінісі 34 шақырым тереңдікте болған.
t.me/@turknws
Жергілікті БАҚ жер сілкінісі кезінде азаматтар мен қонақүй қонақтары сыртқа жүгіргенін жазды.
Анталия әкімшілігінің басшысы Мухитдин Бечек жер сілкінісінен кейін әлеуметтік желіде жазба жариялады. Ол ештеңе қирамағанын және зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.
Еске салайық, соңғы күндері Алматыда да жер сілкіністері жиілеп кетті.
Алматыда 28 қараша күні сағат 01:31-де жер асты дүмпулері тіркелді.
Жетісу облысында 5 қараша күні сағат 23:45-те жер сілкінісі тіркелді. Бұл алматылықтарға 2 балл болып сезілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!