Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова көшеде ән айтқан полиция қызметкерлерінің видеосына пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде көшеде ән айтқан қызметкерлердің видеосы танымалдылыққа ие болды.
Арасында "Әншілерді қамап тастап өздері ән айтуға шығыпты ғой" деп видеомен бөліскен желі қолданушылары да бар.
Жақында ғана ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сотқа тартылған әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да танымал видеоны бөлісіп, "Жарайды әзірге осы жігіттер Қайрат Нұртастың орнына ән айта тұрсын" деп жазған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!