Әнші Төреғали Төреәлінің күйеу баласы жарыста жеңімпаз атанды

Әнші Төреғали Төреәлінің күйеу баласы, Фариза Төреәлінің күйеуі Дархан Нортаев жарыста жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол өзінің әлеуметтік желі парақшасына пост жариялап, қолдаған барша халыққа алғысын білдірді. 

"JUJITSU WORLD CHAMPIONSHIP 2023
Біздегі әр жетістік, әр нығмет Раббымыздан. Алланың қалауымен бүгін Әлем Чемпионатынан қола жүлдеге ие болдық! Мені қолдап жеңісімді тілеп жүрген жаңдарға мың алғыс! Және менің ең үлкен қолдауым жан-жарыма отбасыларыма алғысым шексіз. Бұл жеңісті Қазақ еліме арнаймын",-деп жазды ол өзінің instagram парақшасына. 

Айта кетейік, ол Моңғолияда өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдені еншіледі. Бұл туралы спортшының әйелі де оқырмандарымен жазып, бөлісті.

© instagram.com/farizatoreali

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!