- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әнші Тамара Асар...
Әнші Тамара Асар ерекше төсбелгімен марапатталды
Танымал әнші Тамара Асарға Атырау "Хиуаз Доспанова" атындағы төсбелгімен марапатталды. Бұл марапатты өнер иесіне облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы табыстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қуанышты жаңалығын әнші әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жария етті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Мені "Батыр қыз" деуші халқым, маңдайыма нағыз батыр қыздың атындағы медаль бұйырды. Атырау облысы ардагерлер кеңесінің шешімімен Халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер ұшқыш Хиуаз Доспанова медалімен марапатталдым. Хиуаз апамдай қан майданның батыры болмасам да, жүрегіммен халқымды сүйіп, басым жерге жеткенше, халқыма арнаған әніммен, сәніммен, ата-анамнан алған тәлім тәрбиеммен, ұрпағыма дұрыс жол көрсетсем, абыроймен үлгі болсам, сол мен үшін бейбіт күннің батырлығы. Алдыңғы буын ағалар, құрметтеріңізге үлкен мың алғыс!", – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары әншінің марапатына бірі қуанса, енді бірі даттап жатыр. "Ауылда көп бала асырап, елі мен жеріне ерен еңбегі сіңген қаншама батыр аналарымыз бар. Солардан біреуі табылмады ма екен", "бүгінгінің батыр қызы, жарайсың", "ұшқыш атымен әншіні марапаттай ма екен", "құтты болсын, адайдың батыр қызы", "Тамара тек ән айтып қана батыр болып жүр ме?" деп жазды олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы