Танымал әнші Серік Ибрагимов Қазақстанда қай саланың табысты екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Әнші жақында өзін басқа қырынан сынап көрген. Нақтырақ айтқанда, фильмнің продюсері ретінде мол табысқа кенелген. Жақында жарыққа шыққан "Zamanback" фильмі екі апта ішінде 1 миллиард касса жинап үлгерді. Осылайша, фильмнің продюсері Серік Ибрагимов миллиардер атанғандарын айтып, халықтан сүйінші сұрады.
"Сүйінші! Алланың қалауымен, сіздердің қолдауларыңызбен "ZamanBack" фильмі рекордқа қадам басты. Біз сіздерді құттықтаймыз! Бұл - халықтық фильм! Екінші толқын басталды", - деп жазды ол.
Еске салайық, жақында әнші Серік Ибрагимов үшінші рет ұлды болған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!