Эстрада әншісі Өмірқұл Айниязов той алдында жол апатына түскен жалғыз ұлының жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі instagram-парақшасында айтты.
"Ұлымыз үйге келіп, көзайым болып жатырмыз", - деп жазды Өмірқұл Айниязов.
Желі қолданушылары әншінің отбасына амандық тілеп, лебізін жаудырды.
"Ұлыңыз аман болсын", "Алла Тағала жалғыз ұлын қайтарып берді. Алланың сынағы деп қабыл алыңыз. Ешқандай ата-ананы баламен сынамасын", "Жалғыз аманатыңызды Аллам әрқашан өмірдің түрлі сынағынан қорғап жүргей", "Алла шипасын берсін", - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, бұған дейін әншінің ұлы үйлену тойы алдында жол апатына ұшырағанын жазған болатынбыз. Ол туралы осы жерден оқып біле аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!