Әнші, композитор Нұрлан Еспанов "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатта ұлының үйленуіне не себепті қарсы болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі болашақ келінінің инабатты, тәрбиелі болғанын қалайтынын жеткізді. Ұлын басқа жаққа жібермес үшін осы уақытқа дейін үйлендірмегенін айтты.
"Енді ол қызы шетелде оқитын сосын айтқанмын ғой ұлыма "Бізді тастап қайда барасың" деп. Біз не істейміз? Біздің үйде қыздар көп. Ол қыздардың бәрін мен игере алмаймын ғой. Сен кішкене тәрбие бермесең, мен үйде де болмаймын" дедім. Мен үйге кірем, киім-кешегімді алам да, басқа жаққа ұшып кетем", - деді Нұрлан Еспанов.
Композитор ұлының қазір басы бос екенін айтты.
"Мен тойда жүрсем менімен суретке түсуге келген қыздардың бәрі менің ұлымды таниды. Ұлыңыз Олжас махаббат деген кітап жазыпты деп жүреді. Шынымды айтайын қазір қызы жоқ. Өзі үйленетін қыз іздеуде. Басы бос қыздар болса, хабарласыңыздар құлақтарыңызға алтын сырға",- дейді әнші, композитор.
Айта кетейік, әнші, композитор Нұрлан Еспанов ұлына су жаңа көлік сыйлағанын жазған болатынбыз. Ол қандай көлік? Осы жерден оқи аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!