Танымал әнші Нұрлан Еспанов екі төсбелгімен марапатталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесінің ұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.
"Әкешім, марапатыңыз құтты болсын! Мәдениет майталманы, Құрмет белгісі! Бір емес, екі төсбелгі алуыңызбен!" - деп жазған ол.
"Егемен еліміздің дамуына сіңірген адам еңбегі үшін "Қазақ қоғамының қайраткері" ұйымының арнайы комиссия шешімімен Еспанов Нұрлан Бегалыұлы "Құрмет белгісі" төсбелгісімен марапатталды", - делінген сертификатта.
Айта кетейік, Нұрлан Еспанов - қазақстандық әнші. Оның "Биші қыз", "Қыздар-ай", "Жан әке" сынды әндері бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!