- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әнші Нұржан Қалжан...
Әнші Нұржан Қалжан алғаш рет әйелін көрсетті
Қазақстандық әнші Нұржан Қалжан алғаш рет жұбайын көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасының жүргізушісі Анна Данченко өз парақшасында жазды.
"ЭКСКЛЮЗИВ! Ал, Биссмилляh деп, "Жұлдызды шаңырақта" жобасының жаңа маусымын бастадық.
Нұржан Қалжан алғаш рет отбасымен таныстырды", - деп жазды Анна Данченко.
Желі қолданушылары бұл жазбаға "Мяяя тфай тфай әдемі отбасы екен, көз тимесін", "Нұржанның отбасын білмейміз жақсы болды енді білеміз", "Келіншегі мен қызы әдемі екен", "Нұржан баламды жақсы көремін,дауысы ерекше. Келіншегі де жақсы адам деп, ойлаймын. Бірақ бір бала емес, іні-сіңлілері өрбу керек, әрине Алланың және сендердің қалауларыңмен. Өсіп-өніңдер" деп пікір жазып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан