Түлектер кешінде ән айтып, вальс билеген әнші Нұрболат Абдуллин халықтың сынына ұшырап, айыппұл төледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Соңғы видеоға штраф келді. Әй, түлектер ғой десем түсінбей жатыр", - деп жазған әнші банк қосымшасынан 300 мың теңге жібергені туралы түбіртектің суретін жариялады.
Айта кетейік, танымал әнші Нұрболат Абдуллиннің 5 жылдық түлектер кездесуінде сахнада ән айтып, бір емес, бірнеше қызды вальске шақырған видеосы желіде біраз талқыға түскен болатын. Оқырмандар "Бұл жолы әйеліңізді мейрамханаға апарып құтыла алмайсыз-ау" деген мазмұнда пікір жазған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз