Әнші Наркенже Серікбаеваға халық алтын тағып, ақша жаудырды

Фото: Instagram

Әнші Наркенже Серікбаеваға халық алтын тағып, ақша жаудырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. 

"Алтында да, ақшада да тұрған ештеңе жоқ, бойын жазса басы бұлтқа тиетін, қолын жазса жомарттығы жұртқа тиетін елдің ағалары мен апаларының батасы мен қошеметі ғой мені қанаттандыратын!!! Домалақ анамыздан дана туған Жамал апамның үрдісін жалғаған ұрпақтарына Алла разы болсын!!!", - дейді әнші. 

"Қазағымның жомарт шіркін әр пендесі. Тыңдағанды тамылжытар ән термесі. Халқынан қарғыс емес алғыс алған. Жүз жасаңыз қазақтың Наркенжесі"

"Мен Ыстамбұлдан тыңдарманыңызбын, шын жүректен барлық жақсылықты тілеймін. Қазақтың нардай ер азаматтай қызы еңбегіңіз жаңа берсін"

"Еңбегіңді елеген жомарт ағаларың аман болсын, халқының нар ерке қызы болып қошеметке бөленіп жүре бергейсің. Бұл да Алланың берген сыйы, игілігіңе жұмсап, жақсы күндерге таққайсың, бұйырсын", - дейді әншінің оқырмандары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz