- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дина Төлепберген, Мөлдір Әуелбекова
Әнші Мөлдір Әуелбекова некесі неге сәтсіз болғанын айтты
Әнші Мөлдір Әуелбекова тележүргізуші, журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында жар таңдаудан қателескенін айтып, қыздарға кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы Din Dina Show бағдарламасында сөз қозғады.
Дина Төлепбергеннің "Өміріңдегі ең қиын тарау, ең ауыр кезең қайсысы?" деген сұрағына әнші тұрмысқа шыққан кезі екенін айтып берді.
"Мен әйел адам болғандықтан, ең ауыр өмірлік сабағым отбасылық өмірде болды. Қыздарға "бақытты боламын десеңіздер, жар таңдаудан қателеспеңіздер" деп айтқым келеді", - деді Мөлдір Әуелбекова.
Сұхбатта әншінің жар таңдауға қатысты кеңестері де айтылды.
"Ең бірінші өзіңнің жүрегіңді тыңдау керек. Елдің пікірін, қыспағын елемеу керек. Мен отызға келіп тұрмысқа шыққаннан кейін менде қысым көп болды. Бәрі "қашан тұрмысқа шығасың?" деп сұрайтын. "Қашан, қашан, қашан" деген сұрақтан құтылу үшін тұрмысқа шығып кеттім", - деді әнші ішкі сырын ақтарып.
Мөлдір Әуелбекова сырттан келетін ақыл-кеңеске құлақ асуға болатынын, алайда шешім қабылдарда жүректің үнін тыңдау керегін басып айтты.
Еске салайық, бұған дейін тележүргізуші Дина Төлепберген мен әнші Мөлдір Әуелбекованың дауласып қалғаны туралы жазған едік.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева