Әнші Лобода Салтанат Нүкенованың оқиғасына қатысты өз ойын айтты

Украиналық әнші Светлана Лобода Тимур Балымбетовке берген сұхбатында Салтанат Нүкенованың оқиғасына қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Салтанаттың ісі туралы естідім. Ең қорқыныштысы - мұндай оқиғалардың көптігі. Бұл қорқынышты оқиғаның үлкен артықшылығы - ағасы мен отбасы бұл оқиғаны барлығына көрсеткісі келуі, 21-ғасырда мұның дұрыс емес екенін дәлелдегісі келуі. Бұл жайлы ойласам, ол сұлу қыздың басынан не өткенін елестетудің өзі қиын. Мен бұл оқиға абьюздік қарым-қатынаста жүрген, отбасыдан кете алмай жүрген көптеген әйелге үлгі болса екен деймін", - деді Лобода.

Әнші Лобода бұрын абьюздік қарым-қатынаста болғанын айтты.

"Мен де абьюздік қарым-қатынаста болдым. Сен ол кезде "қақпанда" екеніңді түсінбейсің. Көп манипуляция жасайтын адамды байқамауыңыз мүмкін. Сол жайлы оқып, көріп, естіген кезде ғана ойлана бастайсың. Бұл 15 жыл бұрын болды. Маған қол көтерген кезде мен бұған шыдай алмайтынымды түсіндім", - деді әнші.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз