"Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?" деп әндетіп жүрген өнер иесі Кеңес Әлімжан су жаңа автокөлігін instagram-парақшасына салып, қуанышын өз оқырмандарымен бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің сөзінше, ол Алматыда жүргеніне 12 жыл болған.
"Осы уақыт ішінде мініп тұрған алғашқы көлігім, енді аяғым жерге тимейтін болды", деп өз қуанышын жасыра алмады. Осы уақытқа дейін көлік алатын мүмкіндіктер болды. Дегенмен де ол ақшалардың бәрін мен шығармашылыққа салдым. Ән мен бейнебаяндарға жұмсадым. Кейде тойға барғың келеді немесе бір кездесуге барғың келеді. Сол кезде біреуге апарып тасташы деп айтқанның өзі ыңғайсыз. Көптен бері ойымда жүрген көлік алу. Бірақ жүргізуші куәлігім жоқ", - дейді әнші.
Көлік құралын басқаруды аса бір үйренбеген өнер иесі әлі де жылдамдықты асырып жүргізуге батылы бармайтынын айтты.
"Кептеліс кезінде қорқып бір машинаның артына ілесіп алып жәймен жүрем. Қатты жылдамдыққа көтере алмаймын. Бірақ өзіме деген сенімділік бар, дегенмен де қорқамын. Көлік ол - техника. Оқыс оқиға болып қалуы мүмкін. Бірақ үйренемін", - дейді ол.
Кеңес Әлімжан бірінші орында шығармашылығы екенін, сондықтан көлікке көп қаржы жұмсамай, несиеге ала салғанын айтады.
"2014 жылғы Hyundai Accent маркалы көлік. Алғашқы 20 пайызын төлеп несиеге алдым. Мен көп қаржыны шығармашылыққа жұмсайтын болған соң көлікті толық ақшаға алмадым. Менің бір бейнебаяныма 2 миллион ақша кетіп қалады", - дейді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!