Әнші Жігер Ауыпбаевқа ақжаулықты апа құда түскен. Әнші бұл оқиға қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әншінің сөзінше, оқиға 2 күн бұрын Түркістандағы концертінде болған.
"Түркістан облысындағы гастрольдік сапарымызды Түркістан қаласында аяқтаған болатынбыз. Концерт барысында түрлі оқиға болып тұрады. Бір кісі "балам бойдақсың ба?" деп сұрап қалды. "Иә" дедім. "Менің немерем бар" деді. "Аман болсын" дедім. Мен өзім әжемнің баласымын, сол кезде әжем туралы айтып жатқан кезде әжей "сол немеремді саған берейін, бізге күйеубала бол" деді. Бері қарай келіп, "балам, менің Зере деген немерем бар, сенің Айзере деген әнің бар ғой. Немеремді өзіңмен алып кетсең болады, бізге күйеубала бол" деді. Артынан орнына отырды, әнімді айтып жатсам қасына кішкентай қызды ертіп келе жатыр. Негізі жылайтын ән айтып жатқанбыз, күліп жібердім. Халық қыран топан күлді", - дейді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!