Актриса, әнші Айжұлдыз Адайбекова анасы Жанар Айжановаға бағалы сыйлық сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айжұлдыз Адайбекова анасын қуантқан сәтінің видеосын Instagram парақшасында жариялады. Видеода блогер арудың сауда орталығында брендтік сөмке таңдап, артынан оны анасы, актриса Жанар Айжановаға сыйлағанын көруге болады.
"Адамның өміріне 2 періште беріледі екен. Ол - мама және папа. Ережеп айын жақсы істен бастауды жөн көрдім. Ата- анаңды қуанту үшін саған мейрам да, туған күн немесе ерекше уақыт керек емес. Сенің ең қадірлі қолыңда тұрған дүниең - уақыт. Сыйлықтың түрі маңызды емес. Уақыт өткізу, тамақ дайындап беру, гүл сыйлау, жәй ғана сөзбен махаббатыңды жеткізу, материалдық дүние алып беру. Бәрі де жақсы. Жақсылық жасауды ұмытпаңыз. Мам, мен сізді жақсы көремін", - деп жазды қызы.
Өнерпаздың анасына сыйлаған брендтік сөмкесінің нарықтағы құны 2 миллион теңге.
Айта кетейік, бұған дейін актриса Жанар Айжанова ешкімге айтпаған құпиясын бөлісті. Толығырақ сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!