Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы өлі табылды: полиция мән-жайды айтты

Алматыда әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі мән-жайды айтты.

"Кеше Алматы қаласының Бостандық ауданында ер адамның зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіті табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді полиция.

Еске салайық, бұған дейін қаралы хабарды журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

"Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы табылды. Марқұм неден қайтыс болғаны белгісіз. Естеріңізде болса, туыстары Баирдың 24 наурызда үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған еді. Ол - Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы. Жаны жәннатта болсын", - деді ол.

Бұған дейін Баир Сиқымбаевтың 24 наурызда сағат 13:00 шамасында үйден шығып кеткені, содан бері із-түссіз жоғалғаны хабарланды. Кейін "Бармысың, бауырым?" радиохабарына берген сұхбатында Ұлжан Шәріпбекова күйеуі Баир Сиқымбаевқа іздеу салды.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі де Баир Сиқымбаев іздестіріліп жатқанын растады.

facebook.com/zazira.begaly/

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!