Әнші Гауһар Әлімбекова 53 жасқа толды

Әні ұзату тойларының символына айналған Гауһар Әлімбекова туған күнін тойлады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші туған күніне орай тыңдармандарына алғыс айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

"Басымнан қандай қиындықтар өтіп, алдымнан көптеген кедергілер шықса да, маған деген көзқарасы өзгермеген, әндерімді сүйіп тыңдайтын менің тілеулес-жанашырларыма, патша көңіл көрермен – тыңдармандарыма көптен-көп алғыс айтып, алдарында құрметпен басымды иемін. Сіздерді жаңа әндермен қуанта беремін", – деп жазды Гауһар Әлімбекова. 

Еске салайық, бір кездері белгілі әнші Гауһар Әлімбековаға қатысты даулы оқиға болған еді. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылып, кейін ақталып шыққан болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!