Әнші Ерке Есмахан күйеуі 40 жасына не сыйлағанын көрсетті

Әнші Ерке Есмахан күйеуі 40 жасына не сыйлағанын көрсетті
Фото: instagram.com/erke_esmahan/

Жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Райм халықты тағы таңғалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында туған күніне күйеуі не сыйлағанын көрсетті. Әнші туған күнін тойламайтындықтан, күйеуі қымбат сыйлық әперуге сөз берген. 

Жақында жеке концертін берген Райм әйеліне Chopard, Van Cleef, Graff, Bulgari сияқты қымбат брендтерден қалағанын сыйлапты. Ерке Есмаханның айтуынша, туған күнге арналған сыйлықтар мұнымен бітпейді екен. Әншінің туған күніне әлі екі аптадай уақыт бар. 

"Туған күнімді тойламайтын болған соң, күйеуім қалағаныңды әперем деді. Сөйтіп ол бір ай концертке дайындалған кезде мен бір ай бойы өзіме сыйлық алумен болдым. Тапқанымды Алматыдан алдым, таппағанымды шетелден алдырдым. Бұл соңы емес деп отырмын. Туған күнге әлі 15 күн бар. Әлі де толықтырып алайын. Сосын бәрін ашып көрсетемін. Жұғысты болсын", - деп жазды ол желіде. 

Сонымен қатар Ерке Есмахан биыл өзінің және ұлының туған күнін тойламайтынын, екеуі жазда барлық қуанышын біріктіріп, үлкен той жасайтынын айтты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева