- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әнші Досымжан Таңатаров...
Әнші Досымжан Таңатаров басшылық қызметінен кетті
Әнші Досымжан Таңатаров театрдағы басшылық қызметінен кетті. Өнер иесі бұл туралы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, театрдағы жұмыстарға байланысты шығармашылығына көңіл бөлінбей қалған.
"Жақын күндері шешілген дүние. Жастар театрында, театр саласында 2 жарым жыл жүріппін. Әділ Ахметовтің кезінде екі жыл орынбасар болдым. Содан кейін Әдекеңнің көптеген дүниеден қолы қағылып жатты. Өзім көріп жаттым, қиналып жүрді. Нұрғанат ағайымыз өзі театрды құрды. Екі жыл бойы мені сынап, театрдың ішінде қараған да шығар. "Әділ сұранып жатыр, соның орнына директорлыққа тапсырайық" деген ұсыныс білдірді. Сөйтіп, сенім артып отырғанда, "жақсы" деп қуана кеттік. Азды-көпті жұмыс істедік. Қарасам, өзімнің шығармашылығым ақсап бара жатыр. Көріп тұрмын. Көп жерге тура солай бүкіл жауапкершілік өзіңде болғаннан кейін бара алмай қалады екенсің. Сондықтан шығармашылықпен қызметтік дүниені бірдей алып жүре алмағаннан кейін келіскен түрде алдарынан өттім. Оның үстіне менің орнымда директор орнын атқарып отырған Азамат Есқұлов бауырымыз келді. Орынбасар болып келіп, біраз жұмыс істеп көргеннен кейін алып кететін секілді болды. Шығармашылыққа қарай бет бұрайын дедік", - дейді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова