Қазақстандық әнші Дильназ Ахмадиева бұрынғы күйеуі және жаңа бейнебаяны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы Revue News бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Жақында жарыққа шыққан бейнебаянында әншінің бұрынғы күйеуі бой көрсетеді. Ол мұның мәнісін түсіндіріп берді.
"Көрермен бейнебаянды дұрыс түсінбей, бізді қайта қосылды деп ойлап қалыпты. Кейін қайтадан айырылысып кетті деп ойлады. Бірақ шын мәнінде ондай ештеңе болған жоқ. Мен бар болғаны бұрынғы жолдасымды бейнебаяныма актер ретінде шақырдым. Ол басқа әйелді сүйіп жатқанында тұрған ештеңе жоқ. Біріншіден, ол - бұрынғы күйеуім, екіншіден ол - актер. Оған бәріне рұқсат болып тұр. Қызғанған жоқпын. Мен, керісінше, оларға дұрыс сүйісуді үйреттім", - деді Дильназ Ахмадиева.
Еске салайық, биыл 43 жастағы Дильназ Ахмадиева сүйіктісімен айырылысқанын хабарлаған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз