- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әнші де, биші...
"Әнші де, биші де емес". Бүркіттің жары Айшаны көпшілік сынап тастады
Әнші Бүркіттің жары Айша "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды. Әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын хабарлаған өнер иесін көпшілік сынап тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сүйінші хабарды Бүркіттің өзі жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Сүйінші! Айша қыздарыңыз бүгін Қазақстан Республикасының "Мәдениет саласының үздігі" (төс белгі) марапатына ие болды. Махаббаттарыңыз үшін үлкен рахмет! Сенімдеріңіз үшін үлкен рахмет! Менің қуанышымда шек жоқ", - деп жазды әнші.
Алайда желі қолданушылары әншінің бұл жаңалығына таңданып, жарының мұндай марапатқа лайық емес екенін жарыса жазды. "Не үшін алды", "сахнада шынайы еңбек тер төгіп жүрген әртістердің ала алмай жүргені өкінішті", "қандай мәдениет саласының үздігі, дипломы бар ма өзінің", "Айбек, ренжіме, бірақ қасыңда жүріп билеп, әнге қосылғаны болмаса әнші де, биші де емес қой", "не жасап үздік болып жатыр" деп жазды олар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы