Тойда қыздарды құтты орнына қондырып ұзатып жүрген әнші Дана Кентай гонорары қанша екенін "Қызықты weekend" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Иә/жоқ" , "Сүйіктіме" , "Кім бар", хит әндерінің орындаушысы Дана Кентай той бизнесті ұмытпау керек екенін жеткізді. Әнші қымбатшылық заманда тойға арзан бағаға шығу дұрыс емес екенін айтты.
"Ұзатуды да халықтың сұрауы бойынша да қатты қымбат қылмадық. Енді бүкіл тойды атқарып шығуға басында бір миллион деп бастадық. Ал қазір оңай заман болып жатқан жоқ. Барлығы қымбат, қымбатшылық заманы болғандықтан, қарапайым халыққа түсіністікпен қараймыз. Дегенмен алыс жерлер болса, бір миллион я одан да жоғары болуы мүмкін. Егер қаланың ішінде болатын болса, онда 500 мың теңге. Ал той арасында 2-3 өлеңді айтып кету 200 мыңнан төмен болмайды", - дейді Дана Кентай.
Әнші тіпті бастапқыда тойда тегін өнер көрсеткенін жеткізді.
"Шығармашылық, өнерде жүргеніме жалпы тынбай еңбек еткеніме 6 жыл болды. Тойларға бастапқыда шамамен 3-4 жылдай тегін өнер көрсетіп жүрдім. Көбіне өтініш жасайтын. Бірақ қазір соңғы екі жылда мұндай нәрсені сәл ысырып қойдым. Тіпті өзімнің туыстарым, жақындарым болса да қазір ашық түрде бірден айтатын болдым. "Менің гонарарымды бермесеңіз де, менің көмекшілерімнің ақшасын төлеңіз" деп жеткізетін болдым", - дейді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін шоу-бизнес өкілдері қыз ұзатуға қанша гонорар сұрайтынын жазған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!