- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бүркіт пен Аиша
Әнші Бүркіт әйелі туралы: Қазақша түсінеді, бірақ сөйлегісі келмейді
Белгілі қазақстандық әнші Бүркіт әйелі Аишаға қазақша үйрете алмағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы "Сырласу" бағдарламасына берген сұхбатында сөз қозғады.
Әншінің айтуынша, әйеліне қазақша үйрете алмай жүргеніне 14 жыл болыпты.
"Тағы тіл үйрену туралы сұрақ алдымыздан шықты. Мен әлсіз болып тұрмын ғой. 10 жылдан асты, бірге келе жатырмыз. Қазақша түсінеді, бірақ сөйлегісі келмейді. Бір жылдан бері ата-анамызды қолымызға алдық. Олар таза қазақша сөйлейді. Балалардың да тілі қазақша шықты. Аиша қазақ тілін балаларынан үйреніп жүр. Кейде әкем орысша сөйлеп қояды. Сондай кезде тыйып тастаймын. Бірақ Аишаның өзіне қысым көрсетіп, талап етпеймін", - деді Бүркіт.
Әнші сұхбатта әйелі екеуінің табысы мен отбасылық бюджет туралы да айтып берді.
"Негізі табысымыз бірдей. Өнерде қатар жүргесін, ақшаны бірге табамыз. Жақында Аиша анасына көлік сыйлады. Халық әлі шулап жатыр. Сол туралы айтып берейінші. Аиша мен анасы Қарағандыға кетіп қалғанда сыйлықты мен дайындап қойғанмын. "Сен өзің бере бер, анаң қуанып қалады" деп едім, үзілді-кесілді бас тартты. Өйткені өтірік айта алмайды. Басқа біреу болса: "Анама мен сыйлап жатырмын" деуші еді ғой. Осы болмысымен мені таңғалдырады. Күн сайын осындай әйелім болғанына тәуба деймін. Құдайдан сұрап алған әйелім", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін әнші Бүркіт әйелінің анасына көлік сыйлағаны туралы жазған едік.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева