- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бүркіт пен Аиша
Әнші Бүркіт әйелі Аишаға ұшақ сыйлағысы келетінін айтты
Танымал әнші Бүркіт әйеліне жиі сыйлық жасайтынын, жақында ұшақ әперетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында сөз қозғады.
"Аишаға жиі сыйлық жасағым келеді. Жасауға тырысамын, жасап та жүрмін. Үнемі көңіліне қарап тұрамын. Енді бір ұшақ сыйлағым келеді. Жеке ұшағымның болғанын қалаймын", - деді Бүркіт.
Мұның себебін әнші бала кездегі арманымен түсіндірді. Бүркіт бала кезден әнші болуды емес, ұшқыш болуды армандапты.
"Ұшқыш болу бала күнгі арманым еді. Бірақ Аиша: "Ұшақты сен айдасаң, мен оған мінбеймін" деді. Маған сенбей тұрғаны ғой. Алайда мен ұшақты өзім басқарғым келеді. Соның оқуын оқып, практикалық түрде үйренгім келеді. Жалпы жоспарда бар нәрсе", - деді ол.
Еске салайық, жақында әнші Бүркіт әйелінің анасына көлік сыйлаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева