Әнші Бауыржан Ретбаев "1001 түн" бағдарламасында сахнадан көрінбей кету себебін айтты. Ол карантин уақытында Маңғыстауға көшіп, шаңырақ көтерген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі шаңырақ көтерген.
"Өнерден алыстамадым. Әндерімді жазып, бейнебаянымды түсіріп жүрмін. Тек карантин уақытында Маңғыстауға көшіп кеттім. Алматыға қайта көшіп келгеніме 1,5 ай болды. Өнерге қайта кірісіп жатырмын. Ауылға барып, үйлендім. Бала-шағалы болдым. Мен ұлдан жалғызбын, үйдің кенжесімін. Сол себепті әкем мен анамның жанында тұруға тура келді. Жалғыз бала болғасын, келіннің қызметі бар. Сонымен кішкене жүріп қалдық. Бірақ шығармашылық тоқырау болмады. Репертуарымда жетпіске тарта ән бар", - деді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!