- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Әнші Батырхан Шүкеновтің...
Әнші Батырхан Шүкеновтің отбасына қандай көмек көрсетіліп жатқаны айтылды
Кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев әнші Батырхан Шөкеновтың отбасына көрсетіліп жатқан көмек туралы айтып берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сейсембаевтың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
Кәсіпкер әншінің артында қалған отбасының материалдық жағдайы сөз болған "Пусть говорят" бағдарламасында айтылған әңгімелердің көбінің жалған екенін айтты.
"Малаховтың "Пусть говорят" бағдарламасында қазақтардың Батырдың отбасына көмектесе алмай отырғаны айтылды. Ұлы Мақсұттың болашағы бұлыңғыр деген ойлар да болды. "Власть" журналына берген сұхбатында оның азаматтық жұбайы Катя қазақтың сөзге шебер, бірақ іске жоқ екенін айтыпты. Мен бұған келіспеймін. Батырдың өлімінен кейін Бауыржан мен Мақсұтпен кездескен меценатты білемін. Ол Мақсұт 18 жасқа толғанға дейін оқуына ақша беріп тұруды уәде еткен. Батырдың мемориалын салуға ақша берген бизнесмендерді де танимын. Ол ақшаның бір бөлігін Катя алды. Әншінің альбомын шығаруға, Батырхан Шөкенов атындағы мұражайды салуға көмектесіп жатқан кәсіпкерлер де бар. Бірақ бұлар туралы ешкім айтқан жоқ. Сондықтан, әншінің отбасына ешкім көмектесіп жатқан жоқ деп айтуға болмайды", – деп жазды Марғұлан Сейсембаев.
Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Өзінің мансап жолын әнші Роза Рымбаеваның саксафоншысы болудан бастаған. 1988 жылы "Джулия" хитін халыққа паш ектен А'Студио тобының фронтмені болып сайланады. Алла Пугачеваның «Рождестволық кездесулерінен» кейін халықтың көзайымына айналады. «Ақ өзен», «Тоқта, түн», «Махаббат сарбазы», «Жаздың жылы кештері», «Сүйгенім емес» сынды композицияларын барша халық сүйіп тыңдайды.
М. Бисембаева