Әнші Батыр Байназаров "ELLE Kazakhstan"-ға "Ринго" тобынан кеткеннен кейін немен айналысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ринго" тобының бұрынғы мүшесі алдағы уақытта кафе ашқысы келетінін айтты.
"Жігіттермен инвестициялар болды. Қазір қоғамдық тамақтанумен айналысу жоспарда бар. Кафелер желісін ашқым келеді. Қазір осы орайда жұмыстар жүріп жатыр", - деді Батыр Байназаров.
Еске салайық, Батыр Байназаров - "Ринго" тобына алғашқы болып келгендердің бірі. Ол "Ринго" тобының жігіттерімен және Алуа Қонаровамен 2005-2019 жылдар аралығында жұмыс істеді.