Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген Instagram-парақшасында Көктөбедегі телемұнараның жобасына тоқталып, Алматы әкімдігіне үндеу жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Әртістің айтуынша, телемұнара - оңтүстік астананың басты көрікті жерлерінің бірі. Дегенмен, жарық болмауына байланысты, түнде ол мүлдем көрінбейді.
"Телемұнара бүкіл қалаға көрініп тұруы керек. Париждегі "Эйфель мұнарасындай" жарқырап тұруы қажет. Құрметті әкімдік, осыған жарықты неге үнемдеп жатырмыз, ал жақын жерде мейрамхана мен Көктөбедегі шолу дөңгелегі жарқырап тұр?", - деп сұрады әнші.
Әншінің үндеуіне қала әкімдігінің өкілдері әлі жауап берген жоқ.
Айта кетейік, Алматы телемұнарасы әлемдегі ең биік мұнара саналады. Оның шыңы теңіз деңгейінен 1452 метр биікте аяқталады.