Әнші Айдар Тұрғанбек негізгі табыс көзін айтты

Әнші Айдар Тұрғанбек негізгі табыс көзін айтты
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

"Жігіттер" тобының мүшесі Айдар Тұрғанбек, негізгі кіріс көзін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айдар Тұрғанбектің әндерінсіз қазір тойдың сәні кірмейтін болған. Әнші репертуары да "Той жыры", "Сүндет той",  "Тәй-тәй балапан" сияқты әндермен толыққан. Біздің "тек тойдан ғана ақша тауып жүрсіз бе?" деген тосын сұрағымызға Айдар ағамыз ашық жауап берді.

"Табысымның 100 пайызы тойдан түсіп жатыр десе болады. Қазір Қазақстанда той бизнеске көп көңіл бөлінеді. Өйткені онда ақша бар. Сондықтан әр бағытта әр этүрлі әндер жазып жатырмын", - дейді әнші.

Әнші тойға шақыру көп түсу үшін арнайы жарнама жасайтынын да жасырмады. 

"Жарнама әлеуметтік парақшаларымда тұр. Қазіргі заманда бәрі жылдам, әрі ыңғайлы, - дейді Айдар Тұрғанбек.

Өнер иесі алдағы уақыттағы жоспарымен де бөлісті. 

Алдағы уақытқа жоспарлар бар. Жаңадан ән жазып жатырмын. Ол жастардың стилінде болады. Күтіңіздер дегім келеді, бірақ нақты уақытын айта алмаймын, - дейді Айдар Тұрғанбек. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Н. Ынтымақұлы