- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Әнші ашуланып тұр"....
"Әнші ашуланып тұр". Сахнаға шығып ән айтқан ақтаулық ер адам ерекше дауысымен жұртты тәнті
Сахнаға шығып ән айтқан ақтаулық ер адам ерекше дауысымен жұртты тәнті етті. Видеоны асаба Қайыржан Тоқсанбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеодан әнші Әлімжан Кеңеспен бірге ән шырқап жатқан ер адамды көруге болады. Ол әншіден бірге өнер көрсетуді сұрап, сахнаға шыққан.
"Кеңес Әлімжанды таңғалдырды Ақтаудан келген қонақ", - деп жазған парақша иесі.
@kairjan_asaba ♬ оригинальный звук - Қайыржан Тоқсанбаев
Желі қолданушылары видео астына түрлі пікір қалдырған.
"Бірге дуэт айтайықшы деп сахнаға шықты, бірақ, өкінішке қарай өзі сайрап, тез тез өте шықты. Бірде бір нотаға түсе алмады, Әлімжан таңғалып тұрған жоқ, ол ашуланып тұр"," Мынадан кейін Әлімжан таңғалып емес, іші күйіп кетейін деп тұр ғой", "Жылап айтатын әнді жынданып айтады екен", "Кеңес Әлімжан ерекше орындайды, ол секілді ешкім айта алмайды", "Зор айтып тұрмын деп ойлап тұр ғой енді", "Әлімжанның өзінің аузы ашылып тұр ғой", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә